14 наурыз – Көрісу күніне орай Ойыл кәсіптік колледжінде тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқытушылар мен студенттер бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, ұлттық дәстүріміздің маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті.
Көрісу күні – адамдарды татулыққа, сыйластыққа және бірлікке шақыратын ерекше күн. Іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, студенттерге халқымыздың бай мұрасы түсіндірілді.
Бұл шара ұжым мен студенттердің бір-біріне деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
