Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы Жолмырзаев көшесі № 42
51-52-42
50-06-32
51-26-58
51-39-20
50-95-72
50-38-91
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Ойыл кәсіптік колледжі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

16 наурыз – Шаңырақ күні ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы бірлігі мен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ерекше мәнге ие күн. Осыған орай Ойыл кәсіптік колледжінде студенттерге арналған тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған күн аясында студенттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық рухты көтеру және адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында «Пейіш» тақырыбындағы патриоттық кино көрсетілімі өткізілді.
Кино көрсетілім барысында студенттер фильмнің мазмұны арқылы туған жердің қадірін, ата-ана мен отбасының маңызын, елге деген адалдық пен жауапкершілікті тереңірек түсінді. Фильмдегі әсерлі көріністер мен тәрбиелік мәні зор оқиғалар жастарға үлкен ой салып, олардың патриоттық сезімдерін оятты.
Іс-шара соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, киноның мазмұны туралы пікір алмасты. Олар фильмнің тәрбиелік маңызы жоғары екенін айтып, мұндай шаралар жастардың рухани дамуына үлкен әсер ететінін жеткізді.
Осындай тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар студенттердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, елін, жерін сүйетін саналы ұрпақ қалыптастыруға өз үлесін қосады.