21 наурыз – Ынтымақ күніне орай Ойыл кәсіптік колледжі ұжымы Ойыл ауданындағы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы саябақта өткен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Ұлтымыз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды» атты салтанатты мерекелік шараға белсене қатысып, өз үлестерін қосты.
Саябақ аумағы ұлттық нақышта безендіріліп, арнайы фотоаймақтар, ұлттық бұйымдар қойылған көрме бұрыштары мен танымдық викториналар ұйымдастырылды.
Мерекелік шара ұлттық киім киген жастардың қатысуымен өткен салтанатты шерумен ашылып, келіндер салт-дәстүр бойынша сәлем салып, шашу шашылды.
Шара барысында аудан әкімі Асқар Қазыбаев құттықтау сөз сөйлеп, Наурыз мейрамының бірлік пен ынтымақтың, ырыс пен берекенің бастауы екенін атап өтті. Сонымен қатар, өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, бірлік пен татулықты нығайтқан тағылымы мол мерекеге айналды.
