Бүгін ұжым мүшелері 23 наурыз – Тазару күніне орай сенбілік жұмыстарын жүргізіп, айналаны тазарту және абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын атқарды.
Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және туған жердің көркеюіне үлес қосу. Ұжым мүшелері белсенділік танытып, аумақты қоқыстан тазартып, гүл егіп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз.
