“Ана қадірі- мәңгілік құндылық”
Колледж студенттері арасында аналарына деген жылы лебіздерін жеткізу және болашақта үмітін ақтайтындығы туралы айтылып, ой-пікірлерін білу мақсатында шағын тренинг ұйымдастырылды.
Ана – өмірдің бастауы, мейірімнің шуағы, жүректің жылуы. Әр адамның бұл дүниеге келуі, алғаш рет күлімсіреуі, алғашқы қадамы – ананың ақ сүті мен ақ тілегінің арқасы. Ана қадірі – сөзбен айтып жеткізе алмайтын, жүрекпен ғана сезінетін ұлы ұғым.
Ана баласына тек өмір сыйлап қана қоймайды, оған тәрбие, бағыт-бағдар, рухани күш береді. Ол түн ұйқысын төрт бөліп, баласының амандығы үшін алаңдайды. Баласының жетістігіне қуанып, қателігіне күйінеді. Ана жүрегі – ең жұмсақ, ең кешірімді жүрек. Сондықтан ана қадірін білу – адамдықтың белгісі.
Ұйымдастырған: ДТІЖО Досбаева Інжу Берікқызы