Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы Жолмырзаев көшесі № 42
51-52-42
50-06-32
51-26-58
51-39-20
50-95-72
50-38-91
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Ойыл кәсіптік колледжі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

“ЛУДОМАНИЯ, НАШАҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ” ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Бүгін 11 қараша күні, Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, “Жастрға кеңес” жобасы аясында «Лудомания, нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында Ойыл кәсіптік колледжінің студенттеріне арналған іс-шара өтті.
Шараның мақсаты — құмар ойын мен нашақорлықтың салдарын нақты мысалдармен түсіндіру. Жастарға лудомания және нашақорлықтың зияны туралы айтып, оның алдын алу шараларын көрсету.

Орталық басшысы Жангүл Бақытжанқызы білім алушыларға тәуелділіктің не екенін, соның ішінде, ойынқұмарлық, нашақорлық терминдерін түсіндіріп, статистикалық мәліметтерден мысал келтірді.
Іс-шараға Ойыл аудандық ауруханасының дәрігері, Гүлнұр Атлашқызы қатысып, өте маңызды ақпарат беріп, арнайы дайындалған статистикалық деректерге сүйене отырып, студенттермен ашық сұхбат жүргізді.
Сонымен қатар, Ойыл ауданы ПБ ҚҚБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы полиция капитаны М.Мураткалиев студенттерге құқықбұзушылықтын алдын — алу туралы толыққанды түсінік беріп, студенттердің пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Студенттер өз тараптарынан сұрақ қойып, тұшымды жауаптарын алды.Колледж психологі Г.Т.Сұлтан студенттерді зиянды заттарға үйір болмауын ескертті.Шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Н.Майлыбаева “Заң және тәртіп” аясында әлі де жұмыстар жүргізілетінін, енді студенттердің жақсы нәтижелі жұмыс көрсету керектігін айтты