*Ата-ана мен баланың өзара түсіністігі – сәтті өмірдің негізі*
2025 жылдың 30 қазанында, колледж базасында қыз балалар мен олардың аналарының қатысуымен *“Ата-ана мен баланың өзара түсіністігі – сәтті өмірдің негізі”* атты танымдық-тәлімдік бағыттағы жиналыс болып өтті. Шараның мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, жасөспірім қыздардың жас ерекшеліктеріне сай туындайтын психоэмоциялық, физиологиялық өзгерістер жайында жан-жақты түсінік беру, олардың бойында жауапкершілік пен өзін-өзі күту мәдениетін қалыптастыру.
Жиналыс барысында колледждің арнайы шақыртылған аудандық аурухана, ішкі істер бөлімі, “Қамқор” қолдау орталығының мамандары мен колледж педагогтері төмендегі бағыттар бойынша мазмұнды дәрістер оқыды:
- *Жасөспірім қыздардың жеке гигиенасы*: күнделікті күтім, тазалық сақтау, өз-өзін қорғау мәдениеті.
- *Физиологиялық және психологиялық даму ерекшеліктері*: өтпелі кезеңдегі өзгерістер, эмоциялық тұрақтылық, өзін-өзі тану мен бағалау.
- *Ерте жүктіліктің алдын алу*: жасөспірім шақта жыныстық тәрбиенің маңызы, жауапкершілік сезімін қалыптастыру, өмірлік дұрыс таңдау жасау.
Өткізген: Колледж медбикесі Ф.С Молдашева
