Бүгінгі қоғамның басты талабы – құқықтық мәдениеті қалыптасқан, өз әрекетіне жауап бере алатын, саналы да парасатты тұлға тәрбиелеу.
Осы бағытта колледжімізде директордың уақытша міндетін атқарушы Ш.С Изматованың ұйымдастыруымен «Ата-ана, студент, оқытушы: «Тәртіпті бала – табысты тұлға» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды.
Коучингтің негізгі мақсаты – отбасы, колледж және студент арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту, құқықтық білім мен тәртіптілікті арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында бірлескен іс-әрекет жолдарын айқындау .
Іс-шара барысында ата-аналар, оқытушылар және студенттер үштік байланыста өз пікірлерін білдіріп, нақты ұсыныстар айтылды. Қатысушылар топтық жұмыстар арқылы құқықбұзушылықтың себептерін талдап, оның алдын алу жолдарын ортаға салды.
Біздің мақсатымыз – тек құқықбұзушылықтың алдын алу ғана емес, сонымен қатар студенттердің бойында адамгершілік, жауапкершілік және өзгені құрметтеу қасиеттерін дамыту.
Әрбір бала – біздің болашағымыз.
Ал болашақтың жарқын болуы – бүгінгі тәрбие мен өзара ынтымақтастыққа байланысты.
@k.bulbul78
@sholpan.izmatova1978
@aqtobe_bilim_basqarmasy
#құқықтықтәртіп
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
#құқықбұзушылықтыңалдыналу
