Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы Жолмырзаев көшесі № 42
51-52-42
50-06-32
51-26-58
51-39-20
50-95-72
50-38-91
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Ойыл кәсіптік колледжі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Ойыл кәсіптік колледжінде студенттер арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында суық қару қолданбау бойынша түсіндіру және тексеру жұмыстары жүргізілді.
Аталған шара барысында колледж әкімшілігі мен құқық қорғау органының өкілі бірлесе отырып, студенттердің жеке заттарына бақылау жүргізді. Тексеру жұмыстары кезінде білім алушыларға суық қаруды алып жүруге және қолдануға қатаң тыйым салынатыны, оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, студенттерге тәртіп сақтау, қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану және заң талаптарын орындау қажеттілігі ескертілді. Әрбір білім алушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі – басты назарда екені атап өтілді.
Жүргізілген түсіндіру және тексеру жұмыстарының мақсаты – колледж аумағында қауіпсіз орта қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және студенттердің жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Алдағы уақытта да осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.