Бүгін Ойыл кәсіптік колледжі тарапынан талапкерлерді кәсіби білім алуға бағыттау мақсатында Қарасу негізгі мектебіне кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында мектеп оқушыларына колледждегі мамандықтар, оқу үдерісі, студенттерге жасалған мүмкіндіктер мен оқу орнына қабылдау талаптары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, колледждің материалдық-техникалық базасы, білім беру бағыттары және болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтар туралы толық мәлімет алды. Мұндай кездесулер мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беріп, кәсіби білім алуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Осындай кәсіптік бағдар беру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
