Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы Жолмырзаев көшесі № 42
51-52-42
50-06-32
51-26-58
51-39-20
50-95-72
50-38-91
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Ойыл кәсіптік колледжі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Эксперименттік топ түлектеріне диплом табысталды.
Бүгін Ойыл кәсіптік колледжінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы №478 бұйрығына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін мектептердің 10–11 сынып білім алушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламасын іске асыру аясында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша бітіруші түлектерге арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті.
«Шарықта, самға, жас маман!» атауымен өткен бұл мерекелік шара жас түлектер үшін үлкен өмірге жол ашқан маңызды белеске айналды.
Аталған салтанатты шараға Әлеуметтік серіктестер,Ойыл қазақ орта мектебінің ұстаздары, ата-аналар шақырылды.
Білім алушылар 1,5 жылға созылған оқу курсын табысты аяқтап, таңдаған мамандықтары бойынша біліктілік дипломдарына ие болды. Шара барысында құрметті қонақтар жас мамандарға құттықтау тілектерін арнап, олардың жарқын болашағына сенім білдірді. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ақ жол, ЖАС МАМАН!
Жаңа белестер мен биік жетістіктер серігің болсын! 
#дипломтабыстау #түлек #кәсібимаман