Бүгінгі қоғамдағы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы аса ауыр қылмыстардың өсуі алаңдаушылық туғызуына орай, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің арнайы тапсырмасы негізінде, ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Ойыл ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия және полция ұйымдастыруымен «Қауіпсіз қоғам – Сталкингсіз өмір» атты форум-диалог іс-шарасы ұйымдастырылды.
Бүгінгі форумға қатысушылар «Қауіпсіз қоғам – Сталкингсіз өмір» атты форум-диалог барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, соның ішінде сталкингке байланысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Сталкингтің алдын алу, жәбірленушілерге дер кезінде көмек көрсету, құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығын арнайы сала мамандары атап өтіп, сұрақ-жауап арқылы біршама мәліметпен сусындады.
Форумға аудандық мектептердің жоғары сынып оқушылары, Ойыл кәсіптік колледжінің 1-4 курс студенттері және де білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтары шараға қатынасты.
