Құрметті Ойыл кәсіптік колледжінің Ұстаздары Ата-аналары және арулары!
Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйел – әлемнің шуағы, отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен даналықтарыңыз, еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз – әрдайым құрметке лайық.
Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген сіздердің қажырлы еңбектеріңіз колледжіміздің дамуына, жас ұрпақтың сапалы білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына зор үлес қосуда. Сіздердің жүректеріңіздегі жылулық, жүздеріңіздегі шуақ айналаңызға әрдайым қуаныш пен жақсылық сыйлайды.
Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, өмірлеріңізге шаттық пен бақыт тілейміз! Көктемдей құлпырып, әрдайым құрмет пен қуанышқа бөлене беріңіздер!
Игі тілекпен: 203-топ студенттері
