Техникалық және кәсіптік білім беру күніне орай
Ойыл кәсіптік колледжінде “Кәсіптік білім - ел болашағы” атты мерекелік шара жоғары деңгейде өтті!
Шара барысында студенттердің қолөнер туындылары мен жобалары қойылған көрме ұйымдастырылып,
Дарынды жастардың қатысуымен әсерлі концерттік бағдарлама өтті.
Мерекелік күнде колледж ұжымы мен студенттері өз кәсіптеріне деген сүйіспеншілігін, талпынысын, шығармашылығын көрсете білді.
Бұл күн — еңбек пен білімнің тоғысқан, болашақ маман иелерінің мерейін өсірген сәт!
Барша техникалық және кәсіптік білім беру саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
