Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы Жолмырзаев көшесі № 42
51-52-42
50-06-32
51-26-58
51-39-20
50-95-72
50-38-91
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Ойыл кәсіптік колледжі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым ты­ныш­тықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал ұрпағы­ның амандығы келешегінің кемел­дігін білдіреді. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Қаншама елдер соғыс зардабынан құлдырап, азып-тозды. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шекті. Мұның барлығы бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлай­тындығын тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуде. Бейбітшілікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Содан болар, халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті жал­пыадамзаттық құндылықтар қата­рына қосып отыр. Сауатты да саналы, парасатты елдің ұрпағы өткеніне көз жіберіп, ата-бабасының жолынан сабақ алары ақиқат.
Ойыл кәсіптік колледжінде 1қыркүйек Білім күніне байланысты “Білім күні.Бейбітшілік күні” атты салтанатты шара “Бейбітшілік сақталады” әнімен ашылды.Мемлекеттік ән ұран орындалып, шара барысында колледж директоры С.Ғ.Займолдин құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар мен студенттерге шығармашылық жетістік тіледі. Аға ұстаз П.Т.Дүсіпова ,ата-ана Ш.Дәулетова 1курс студенттеріне сәттілік тілеп құттықтады.Колледж ұстаздарының орындауында “Жұмысшылар гимні” орындалды.
#білімкүні