Құқықбұзушылықтың алдын алу және студенттің тәртібін бақылау мақсатында колледж әкімшілігі мен құқық қорғау органының өкілі қатысуымен студенттің ата-анасымен жеке профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Кездесу барысында студенттің мінез-құлқы, тәртібі және қоғамдық ортадағы жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-анасына бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, бақылауды күшейту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және мұндай жағдайлардың қайталанбауы бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Алдағы уақытта студентпен және оның отбасымен бірлескен түрде тәрбиелік және психологиялық жұмыстар жалғасын табатын болады.

