Колледж студенттері арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға ЖПҚБ КТІЖ инспекторы Т. Құбышев және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысып, студенттерге заң талаптарын сақтау, тәртіпті бұзбау және қоғамдық ортада өзін-өзі дұрыс ұстау мәселелері жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында құқықбұзушылықтың түрлері, оның салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы нақты мәліметтер берілді. Сонымен қатар, студенттерге тәртіп сақтау, қауіпсіздік ережелерін орындау, өз құқықтары мен міндеттерін білу қажеттілігі түсіндірілді.
Әсіресе, қоғамдық орындардағы тәртіп, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, суық қару алып жүрудің заңға қайшы екендігі және кез келген құқықбұзушылықтың болашаққа кері әсер ететіні атап өтілді.
Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды ақпараттар берілді.
Алдағы уақытта да осындай профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
