Колледжде тәрбие жұмысы аясында студентпен жеке профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында студенттің тәртібі, сабаққа қатысуы, жауапкершілігі және құқықтық сауаттылығы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, білім алушыға ішкі тәртіп ережелерін сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік талаптарын орындау қажеттігі түсіндірілді.
Жеке әңгімелесу барысында студент өз ойын білдіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Тәрбиелік бағыттағы кеңестер беріліп, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында нақты ұсыныстар айтылды.
Мұндай жұмыстар студенттердің жауапкершілігін арттыруға, тәртіпті нығайтуға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.