«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
үзіліс уақытында ұйымдастырылатын бұл танымдық ойын мергендік пен ептілікті талап етеді. Қатысушылар асықты нысанаға дәл тигізіп, әр ұяшықта ұлттық ойындарға байланысты түрлі сұрақтар беріледі. Ойын барысында қатысушы өз білімі мен шапшаңдығын дәлелдеп, дұрыс жауап арқылы ұпай жинайды.
Бұл ойын – әрі көңілді, әрі тәрбиелік мәні зор ұлттық мұраның жарқын көрінісі.
Өткізген: Абдіқұлова Әсем
