Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы Жолмырзаев көшесі № 42
51-52-42
50-06-32
51-26-58
51-39-20
50-95-72
50-38-91
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Ойыл кәсіптік колледжі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Наурызнама онкүндігіне сәйкес, Ойыл кәсіптік колледжінде 19 наурыз күні сағат 10:00-де Наурыз мейрамына арналған “Көше Наурызы” мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Аталған шараға Құрманов, Ержанов, Дәуленов және Еркінов көшелерінің тұрғындары белсене қатысып, ұлттық мерекенің сәнін кіргізді.

Мерекелік бағдарлама аясында:
– Қонақтарға ақ дастарқан жайылып, Наурыз көже және ұлттық тағамдар ұсынылды
– Ән мен күйден шашу шашқан мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды
– Ұлттық спорттық ойындар өткізіліп, қатысушылар өз бақтарын сынады

Шара барысында тұрғындар ұлттық киім киіп, ата-бабадан қалған салт-дәстүрді дәріптеп, бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Бұл мереке – тек көңіл көтеру ғана емес, ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұрпақ санасына сіңірудің айқын көрінісі болды.

Осындай игі шараға атсалысқан барлық тұрғындарға, ұйымдастырушыларға және қонақтарға алғысымызды білдіреміз!
Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен шаттық әкелсін!