Ойыл кәсіптік колледжінде қазақтың біртуар перзенті, жазушы, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Кеңес Одағының Батыры *Мәлік Ғабдуллиннің* 110 жылдығына арналған *«Ерлік тағылымы»* атты мазмұнды іс-шара өтті.
Колледж кітапханасының ұйымдастыруымен ұйымдастырылған бұл шарада Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылық мұрасы кеңінен дәріптеліп, оның соғыстағы ерлігі, ғылым жолындағы еңбегі, ұлт тәрбиесі мен руханиятына қосқан үлесі жан-жақты ашып көрсетілді.
Шара барысында студенттер батырдың өмір жолын қамтыған деректерді тыңдап, көрме материалдарымен танысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, Мәлік Ғабдуллиннің өшпес ерлігі мен тұлғалық болмысын бейнелейтін көркем үзінділер мен бейнематериалдар ұсынылып, ерлік рухы мен патриоттық сезім тереңінен сезілді.
Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылықты, ұлттық рухты, тарихқа құрметті қалыптастыруға зор ықпал етеді. Мәлік Ғабдуллиннің өмірі – ерлік пен парасаттың, ғылым мен азаматтықтың жарқын үлгісі.