Ойыл кәсіптік колледжінде камелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, қылмыстың алдын - алу мақсатында нашақорлық проблемаларынан зардап шеккен аналардың оқиғаларын баяндайтын “Закладчики мать” деректі фильмі көрсетілді
“Закладчики. Мать» фильмі – қоғамдағы есірткі мәселесін және оның отбасыға, әсіресе ана жүрегіне тигізетін ауыр зардабын ашық көрсететін туынды.
Бұл фильмнен түсінгенім – оңай ақшаға қызығу адамның өмірін құрдымға апарады. «Закладчик» болу тек заң алдында ғана емес, ата-ана алдында да үлкен қылмыс екені айқын сезіледі. Ана бейнесі арқылы фильм мейірім мен кешірімнің шексіздігін, бірақ сонымен қатар ананың жан азабының қаншалықты ауыр екенін көрсетеді.
Фильм жастарға үлкен ой салады: бір сәттік қателік бүкіл өмірді өзгертуі мүмкін. Сондықтан әр адам өз болашағына жауапкершілікпен қарауы керек.
