Ойыл кәсіптік колледжінде студенттердің тәртібін сақтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында топ жетекшілерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында топ жетекшілеріне студенттерді күнделікті бақылауда ұстау, сабаққа қатысуын қадағалау, кешігулер мен себепсіз қалулардың алдын алу, сондай-ақ студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, студенттер арасында құқықбұзушылықтың, кибербуллингтің, тәртіпсіздік әрекеттердің алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Әрбір топ жетекшісіне өз тобының студенттерімен тұрақты түрде профилактикалық әңгіме жүргізу, ата-аналармен байланыс орнату және тәуекел топтағы білім алушылармен жеке жұмыс жасау міндеттелді.
Жиналыс қорытындысы бойынша топ жетекшілеріне студенттердің қауіпсіздігі мен тәртібіне ерекше жауапкершілікпен қарау, колледж ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және кез келген келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылды.
Аталған түсіндірме жұмыстары студенттердің тәртіп деңгейін арттыруға, олардың жауапкершілігін қалыптастыруға және қолайлы білім беру ортасын құруға бағытталған.
