Ойыл кәсіптік колледжінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында студенттерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараға колледж әкімшілігі және құқық қорғау органының өкілі қатысып, білім алушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында кеңінен ақпарат берілді.
Кездесу барысында студенттерге өз құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, тәртіп бұзған жағдайда туындайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған пікір алмасу жүргізілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында заңға құрметті арттыру, тәртіпті нығайту және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру болып табылады.
