Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы Жолмырзаев көшесі № 42
51-52-42
50-06-32
51-26-58
51-39-20
50-95-72
50-38-91
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Ойыл кәсіптік колледжі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

ОҚУШЫЛАРҒА КЕҢЕС СТАЛКИНГКЕ ЖОЛ ЖОҚ!

Ойыл кәсіптік колледжінің 1-4 курс студенттеріне және Екпетал мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналған 9 ақпан мен 8 наурыз аралығында “некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылығын арттыру”акция аясында «Сталкингке жол жоқ» атты “Оқушыларға кеңес” жобасы бойынша дөнгелек үстел өткізілді.
Іс шараны Ойыл ауданы ПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКт инспекторы М.Мураткалиев пен Ойыл кәсіптік колледжінің ДТІЖО және психологы өткізді.
Кездесуде не айтылды?
• Сталкинг деген не? Бұл — адамның еркінен тыс соңынан түсу, аңду, қажетсіз хабарламалармен мазалау және психологиялық қысым көрсету.
• Цифрлық қауіпсіздік: Әлеуметтік желідегі жеке деректерді қалай қорғау керек және “киберсталкингтің” алдын алу жолдары.
• Заң шеңбері: Тәртіп сақшылары мұндай әрекеттер үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
«Сенің мазасыздығың — бұл махаббат емес, бұл — құқық бұзушылық. Әрбір адам өзін қауіпсіз сезінуге құқылы!» — деді мамандар.
Студенттер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, қиын жағдайға тап болғанда қайда хабарласу керектігі туралы нақты алгоритмдер алды.
Есіңде болсын: Егер сені біреу аңдып, мазалап жүрсе — үндемей қалма! Жақындарыңа айт немесе 102 нөміріне хабарлас.