Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Нұрәлі Бақытұлы Ойыл ауданына жұмыс сапарымен келді
Сапар барысы Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаевпен кездесумен басталды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Айдарбаев Мұратбай, «ПАРАСАТ» ақпараттық-кеңес беру және оңалту орталығының әлеуметтік тапсырыс аясындағы жоба жетекшісі Мақсат Мұратұлы қатысып, аудандағы дін ахуалы талқыланды
Содан соң Ойыл кәсіптік колледжінің студенттерімен, жүздесті.
Кездесу барысында Нұрәлі Бақытұлы деструктивті жалған діни идеологияны насихаттауды болдырмау және өзіңізді оның ықпалынан қорғау мақсатында күмәнді діни сипаттағы материалдар тарату мүмкіндігі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікті сақтау қажеттілігі де ерекше атап өтілді. Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, ақпаратты дұрыс қабылдау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту бағыты бойынша мәселелерге тоқталды.
Кездесу еркін форматта өтіп, тыңдармандар тарапынан қойылған сауалдарына жауап берілді.
