“Сыбаға”фестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен жастар арасында сайыс өтті
Бүгін 5 желтоқсан күні, Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы мен Ойыл кәсіптік колледжінің біріккен түрде ұйымдастыруымен Сыбаға”фестивалі аясында ұлттық спорттық сайыстары өтті.
Жастардың ұлттық шарасына Ойыл аудандық мәслихат төрағасы С. Займолдин, Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы
Г. Жеткергенқызы қатысты.
Жастар арасында ұлттық рухты көтеру, салт-дәстүрді насихаттау мақсатында «Сыбаға» фестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылып, ұлттық әндер шырқалып, жастар қара жорға биін биледі.
Сайысқа қатысушылар асық ату, бес асық, арқан тарту, гір көтеру, қошқар көтеру сынды спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.
Жеңімпаздар орталық тарапынан арнайы мадақтамалар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бұл шара жастардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты.
@aida_balayeva
@kochetov_eugene
@aqtobe_oblysy_akimdigi
@zholdas_nurlanuly
@madeniet_aqparat_ministrligi
@turalievalimbek
@samgat_artigalin
@jasaqtobe
@polisia_oiyl
@gulzat_zhetkergenkyzy
