«Таза Қазақстан» акциясы аясында игі іс жалғасуда
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында колледж ұжымы сенбілік жұмыстарын бастап, бұл игі бастама әлі де жалғасын табуда. Табиғатты қорғау мен туған жерді көркейту мақсатында ұйымдастырылған шараға колледж қызметкерлері белсенді түрде атсалысуда.
Бүгінгі күні сенбілік барысында колледж аумағына:
20 түп терек,
75 түп қарағай,
20 түп жеміс ағаштары отырғызылды.
Аталған жұмыстар қоршаған ортаны жақсартуға, жасыл желекті көбейтуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Бұл бастама – болашақ ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдыру жолындағы маңызды қадам. Колледж ұжымы алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.
Таза орта – жарқын болашақ кепілі!
