“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП”
Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жасөспірімдерге үздіксіз жүріп тұратын процесс.
Осыған орай, ағымдағы жылдың қаңтар айының 08-і күні Ойыл ауданы ПБ-нің бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.Т.Батанов пен Ойыл ауданы ПБ КТІЖ аға инспекторы полиция майоры Т.Құбышевтың қатысуымен Ойыл кәсіптік колледжінің студенттері арасында “Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет” тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында:
Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары * * * *“Кибербуллинг,буллингке жол жоқ”;
* “зорлық зомбылықсыз балалық шақ”
* “Қаңғыбастық” туралы, яғни кешкі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүрмеу;
*КТ арасындағы жыныстық қол сұғылмаушылық
*Ұрлық мәселелері, алаяқтық әрекетке бармау;
*Интернет және телефон арқылы маңызы бар жалған ақпаратты таратпау;
*”Нашақорлыққа жол жоқ” есірткі және психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдаланбау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.#заңментəртіп #заң_мен_тәртіп
