“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП”
Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша Ойыл ауданы ПБ КТІЖ аға инспекторы полиция майоры Таңат Қыдырұлы және аудан прокуроры Сұңғат Боранбайұлының қатысуымен Ойыл кәсіптік колледжінің студенттер арасында “Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет” тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында:
Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары * * * *“Кибербуллинг,буллингке жол жоқ”;
* “зорлық зомбылықсыз балалық шақ”
* “Қаңғыбастық” туралы, яғни кешкі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүрмеу;
*КТ арасындағы жыныстық қол сұғылмаушылық
*Ұрлық мәселелері, алаяқтық әрекетке бармау;
*Интернет және телефон арқылы маңызы бар жалған ақпаратты таратпау;
*”Нашақорлыққа жол жоқ” есірткі және психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдаланбау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.#заңжәнетәртіп
