Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының және “Өрлеу” БАҰО кәсіби даму инстутының ұйымдастыруымен Қобда көпсалалы колледжінің базасында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануына байланысты, жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу және өндірістік мәдениетті қалыптастыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мамандарының қатысуымен «EduTrend: жас мамандар алаңы» тақырыбындағы еңбек нарығындағы өзекті мәселелер, жұмысшы мамандықтардың маңызы, кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ашық пікір алмасып, тәжірибе алмасу мақсатындағы шара өткізілді. Бұл шараға Байғанин техникалық колледжі, Ойыл кәсіптік колледжі, Жайсаң көпсалалы колледжінің жас мамандары қатысты.
Шарада шебер класстар, көрме, колледждің материалдық техникалық базасымен танысу, білім алушының мамандыққа қызығушылығын арттыруда қолданылатын әдістермен призентациялық жобалар қорғалды. Сонымен қатар шара соңында шебер класстар мен баяндамашылар Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының және “Өрлеу” БАҰО кәсіби даму инстутының алғыс хаттарымен марапатталған болатын.
Семинардың әрбір сәтіне белсенді қатысып, өз энергиясымен және білімге деген құштарлығымен бұл шараны толтырған барлық жас мамандарға үлкен алғысымызды білдіреміз!
Біздің басты мақсатымыз – білім берудің сапасын арттыруға бірге үлес қосу болатын. Біз өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз.