Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы Жолмырзаев көшесі № 42
51-52-42
50-06-32
51-26-58
51-39-20
50-95-72
50-38-91
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"Ойыл кәсіптік колледжі" МКҚК
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Жұмысшы-мерейлі мамандық: Ойыл кәсіптік колледж студенттерімен кездесу.
Атамекен кәсіпкерлер палатасы Ойыл ауданы филиалының директоры Ержанов Жасұлан Мінсізбайұлы Ойыл кәсіптік колледжі студенттерімен “Жұмысшы-мерейлі мамандық” атты кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау және еңбекқорлықты дәріптеу. Кездесуге осы колледждің 1987 жылғы түлегі «Берік А» шаруа қожалығының басшысы Исмагулов Аманкелді Базартайұлымен 2018 жылғы түлегі, жас кәсіпкер Газиз Әділет Серікұлы қатынасты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылғандай: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі», - деп атап өтті.
Бұл кездесуде студенттерге осы колледж түлектері жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын түсіндіріп, өз болашақтарын жоспарлауға бағдар берді. Жастардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, олардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтау – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.#ақтөбеоблысыкәсіпкерлерпалатасы #дидарборанкулов