Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебіне кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында өткізілген кездесу өте мазмұнды әрі пайдалы болды. Оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар туралы кеңінен ақпарат алып, болашаққа бағыт-бағдар алды. Шара барысында мамандық таңдаудың маңыздылығы, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер және жеке қабілетке сай жол таңдау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар белсенді қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың саналы түрде мамандық таңдауына және болашаққа нық қадам жасауына үлкен септігін тигізеді.
