«Жақсылық жасап жарсайық» акциясы
203-топ “Бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының студенттері
«Жақсылық жасап жарсайық» атты қайырымдылық акциясына белсене қатысты.
Акцияның басты мақсаты – білім алушылар арасында мейірімділік, адамгершілік, өзара қолдау құндылықтарын қалыптастыру, қоғамға пайдалы іс жасауға баулу.
Шара барысында студенттер игі істерге атсалысып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетті. Бұл – тәрбиелік мәні зор, жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын маңызды бастама.
Жақсылық жасау – әрбір азаматтың адамгершілік борышы.
Бірге жақсылық жасап, жарқырайық!
@k.bulbul78
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@aqtobe_bilim_basqarmasy
#ЖақсылықЖасапЖарсайық #203топ #БағдарламалықҚамтамасызЕту #КолледжӨмірі ТәрбиеЖұмысы
